Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ҚР-да индустрияланырудың екінші бесжылдығында химия өнеркәсібі өндірісінің көлемі ұлғайтылады

Стратегия-2050 шеңберінде индустрилизацияның екінші бесжылдығында Жамбыл, Ақтөбе және Павлодар облыстарындағы химия өнеркәсіптерінің өндіріс көлемі ұлғайту жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бірінші орынбасары Альберт Рау мәлімдеді.
Астана қаласы24 Ақпан , 15:30

«Химия өнеркәсіптеріндегі өндіріс көлемі кәсіпорынды толық қуатта жұмыс істету және бәсекеге төтеп бере алатын өнімді даярлау арқылы ұлғайтылмақшы. Алға қойған мақсатқа жету үшін бағдарлама аясында Жамбыл облысында қуаттылығы 1 180 мың тонна болатын тыңайтқыштар өндірісі іске қосылады», - деп А. Рау хабарлады.

Оның үстіне, оның айтуынша, Жамбыл облысында әр қайсысының қуаттылығы 600 мың тонна болатын калий сульфаты мен кальций хлоридінің өндірісі іске қосылады.  «Тараз» химиялық паркі» АЭА аумағында қуаттылығы жылына 10 мың тоннаны құрайтын глифосат (гербицид) өндірісі ашылады.

А.Рау атап өткендей, өндірісті ұлғайту Ақтөбе және Павлодар облысында да жоспарлануда.

«Ақтөбе облысында әрқайсысының қуаттылығы1 млн. тонна болатын  калий сульфаты мен хлорлы калий өндірісі бойынша кәсіпорындар бой көтереді.  Сонымен қатар, Павлодар облысында күйдіретін сода мен хлор өндірісі 2 есе көбейту көзделуде», - деді А. Рау.




Яндекс.Метрика