Өңірлер

Қазғарыш пен Роскосмос басшылары «Байқоңыр» кешенін пайдалану мәселесін талқылады

ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев Мәскеу қаласына (РФ) жұмыс сапарымен барды. Онда Қазғарыш басшысы РФ Федералды ғарыштық агенттігінің (Роскосмос) жетекшісі Олег Остапенкомен кездесті.
Әлемде24 Ақпан , 15:19

«Аталған кездесу барысында тараптар ғарыш қызметі саласындағы қазақстандық-ресейлік ынтымақтастығын, сондай-ақ 2014-2016 жылдарға арналған «Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдалану бойынша Жол картасында бекітілген келісімдерді жүзеге асыру бойынша мәселелерін талқылады», - деп Қазғарышта хабарлады.

Соның ішінде, «KazSat-3» байланыс және хабар тарату спутнигін ұшыру, «Бәйтерек» ҒЗК-ны құру жобаны жүзеге асыру, «Днепр» бағдарламасының алдағы іске асуы, ХҒС-қа қазақстандық ғарышкердің ұшу мүмкіндігі, сонымен қатар «Байқоңыр» кешені бойынша Үкіметаралық комиссиясының екінші отырысы секілді тақырыптары қозғалды.

Сонымен қатар, аталған кездесуге Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің Кеңесші Уәкіл Э.Якубаев қатысты.

Жүздесу нәтижесі бойынша Қазақстан және Ресей ғарыш ведомстволарының басшылары өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша жұмыстарды жандандыруға уағдаласты.

        

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика