Өңірлер

Жаңатас пен Қаратау моноқалаларын дамытуға 5 млн теңгеден астам қаржы бөлінді – А.Рау

«Еурохим» жобасын іске асыру аясында Жаңатас пен Қаратау моноқалаларын дамытуға 5 млн теңгеден астам қаражат салынды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде индустрия жаңа технологиялар министрінің бірінші орынбасары Альберт Рау мәлімдеді.
Астана қаласы 24 Ақпан, 14:23

«Қазіргі таңда «Еурохиммен» біріккен жоба іске асырылуда. «Еурохим» ресейлік компаниясы басты міндеттемелердің бірі – руда базасында фосфорлық шикізаттың төмен қамтылуындағы технологиялық мәселе. Технологиялық шешімдер табылып, үздік технологиялар тартылып, бүгінде аталмыш жұмыстар қолға алынуда», - дейді А.Рау.

Оның айтуынша, жобаның іске асырылуы 2016 жылдан бастап кезең-кезеңімен іске асырылады.

«Біз 2016 жылдан бастаап жобаны кезеңімен іске асырамыз. Фосфорлы ұн түріндегі алғашқы өнім келер жылы басталады. Кейін ақырындап өнім көлемі де арта береді. Сонымен қатар, онда 2 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылады. Екі қаланың әлеуметтік инфрақұрылымына, келісімге сай, олар қазірден бастап кірісуде. Осы қалалардың әлеуметтік жағдайын арттырып, халыққа жайлы тұрмыс қалыптастырылуына 5 млн теңгеден астам қаражат салынды. Менің ойымша, қазірдің өзінде тұрғындар жобаның жемісін көріп жатыр», - дейді А.Рау.





Яндекс.Метрика