Өңірлер

3 жыл ішінде ҚР тауар өндірушілеріне 100 млрд доллардың келісім шарты ұсынылды – Н. Сауранбаев

Өткен 3 жылдың ішінде отандық тауар өндірушілер назарына 30 млрд доллардың келісім шарты ұсынылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді.
Астана қаласы 24 Ақпан, 13:51

«Индустрия және жаңа технология министрлігі жер қойнауы, геология және табиғи байлықтарды қолдану саласына көп көңіл бөлуде. Егер де жергілікті қойнаудың дамуын айтатын болсақ, жетістіктер бар. Өткен  3 жылдың ішінде отандық тауар өндірушілер назарына 30 млрд  доллардың  келісім шарты ұсынылды. Жалпы, 3 жыл ішінде  отандық тауар өндірушілер субъектілеріне  100 млрд доллар  ұсынылды», - деді Н. Сауранбаев.

Туризм саласында дамудың жүйелік жоспары құрылды, жетістіктерге жететін жаңа мақсаттар қойылды. 5 әр түрлі сала бойынша жоспарлар құрылып, ол мақсаттарды жүзеге асыру жолы талқылануда.

Сондай-ақ, Н. Сауранбаев геология мен пайдалы қазбаларды қолданудың жетістігін  баяндады.

Оның айтуынша, ҚР-да пайдалы қазбаларды қолдану, нормативті-құқықтық актілердің жаңа жобасы дайындалған болатын. Олар матеиалдарды иемдену мен инвестицияларды тарту  жағдайын жүзеге асырады.

 

 

 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика