Өңірлер

2019 жылға қарсы Қазақстанда жылына 200 мың автоөлікті құрастыру және жасау жоспарлануда - А.Рау

Қазақстанда 2019 жылы жылына 200 мың автоөлікті құрастыру және жасау жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткен бирфингте Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау мәлім етті.
Астана қаласы24 Ақпан , 13:21

«Автокөлік өндірісі бойынша нақты өлшемдерді білеміз. Сонымен, келесі бесжылдыққа қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан жобалар жоспарлануда. Біз 2019 жылы жылына 200 мың автокөлікті құрастырып, өндірмекпіз. Бұл шынымен өндіріс болады, себебі 2017 жылға қарай құрастыруды 50%-ға азайтыумыз керек. Біріншісі - жобаларды іске қосу, екіншісі - жекеменшік құрамдас базаны дамыту арқылы оқшаулау кеңістігін кеңейту. Бүгінде мұндай үрдіс біздің елімізде  бар,  сонымен қатар бізде ірі ойыншыларды тарту және экспортқа қолдауда жоқ емес», - деп А. Рау хабарлады.

Жалпы, оның айтуынша, екінші бесжылдықта машина құрылысының барлық бағыттарын дамыту көзделуде.

«Екінші бесжылдықтағы машинақұрлысының барлық секторына басымдық берілетін болады. Ағымдағы бесжылдықта жақсы көрсеткіш көрсеткен теміржол машинасының құрылысы бірінші қатарда. Мұндай өсім келесі бесжылдықта да болады. Яғни, күні бүгінге дейін іске қосылған кәсіпорындар өздерінің өндіріс көлемін көбейтеді және бір уақытта машинаны құрастыруды азайтады», - деді бірінші вице-министр  А. Рау.

Оның айтуынша, қара және түсті металлургия, ҚР Президенті бұйырғандай, мұнай-газ саласымен бірге екінші бесжылдықтың негізгі өнеркәсібіне айналады.

«Металлургия бойынша негізгі көрсеткіштерге ағымдағы бесжылдықта жеттік. Келесіде де осы бағытта жұмыстар атқарылып, соның ішінде минералды шикізатты тереңдету мен қайта өңдеуді көбейту шаралары қолға алынбақ. «АрселорМиттал Теміртауға» жылына 6 млн болат шығару тапсырмасы беріліп, келесі деңгейге өтуде әлемдік нарықтағы шиеленісті жағдай ескеріліп, нәтижесінде бағдарламада аздаған кідіріс орын алды. Келесі бесжылдықта шағын металлургия дамиды. Және де шойын өндірісі, арматура покаты, құбыр өндірісі мен темір-рудалық жоғары сапалы шикізатқа баса назар аударылады. Түсті металлургияда қолда бар көлем бекітілген. Мысты алатын болсақ, Ақтоғай-Башакөз комбинатын іске қосу, Жезқазғанның қалыпқа келтірілуі, алюминий өндірісінің артуы, өндірісі мен өңделуі күн тәртібінде. Сонымен қатар, алтын өндірісі мен өңдеу жұмыстары да назардан тыс қалмақ емес. Президенттің айрықша тоқталғандарының бірі - сирек металдар өндірісі болатын», - дейді А.Рау.




Дерекнама

Яндекс.Метрика