2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

«Қазақстан-2050» қозғалысы Ақмола облысының жұртшылығымен кездесті

«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының көшбасшылары Көкшетау қаласының жұртшылығымен кездесу өткізді.
Астана қаласы24 Ақпан , 12:30

Облыстың ішкі саясат басқармасында хабарлағандай, аталмыш шараға азаматтық сектор өкілдері, бизнес өкілдері, жастар, сонымен қатар, өңірдің әлеуметтік саласында еңбек ететін қызметкерлер қатысты. Кездесу барысында «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыружәне «Мәңгілік Ел» Патроиттық Актісін жасақтау мәселелері талқыланды.

Ағымдағы жылдың 17 қаңтар күні  «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Президент Әкімшілігіне, Үкіметке, Қазақстан халықтар ассамблеясына «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысымен біріге отырып (ары қарай - Қозғалыс), «Мәңгілік ел» Патриоттық актісін өңдеу және қабылдауды тапсырды. 

Ақмола облысы «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы өкілдерінің жаңадан жасақталатын Патриоттық актіге ұсыныстар топтамасын жинауды бастаған бірінші қазақстандық аймақ.

Қозғалыс көшбасшылары Көкшетаудан Солтүстік Қазақстан облысына аттанады. Қозғалыс белсенділері наурыз айының соңына дейін еліміздің барлық өңірлерінде осындай кездесулер өткізуді жоспарлауда.

Қозғалысты қатарында  инженерлер, кәсіпкерлер, дәрігерлер, білім қайраткерлері мен өзге саланың өкілдері бар бір топ азаматтар ұйымдастырды. Қозғалыстың мақсаты - «Қазақстан - 2050» стратегиясында баяндалғандай еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынған саяси бағыттын қолдай отыра елімізді әлемнің дамыған 30 елдің қатарына енуіне ықпал ету.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика