Өңірлер

Қызылорда облысында 400 отбасы баспаналы болады

Қызылорда облысында биыл 16 арендалық үй пайдаланылуға беріледі. Бұл 400-ден аса отбасының баспана мәселесін жасқартуына жағдай туғызады.
Қызылорда24 Ақпан , 12:15

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, ағымдағы  жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы жалғасын табады.

2013 жылы  бұл бағдарламаны республикалық бюджеттен қаржыландыру тоқтаған болатын. Дегенмен, жөндеу жұмыстарын жергілікті бюджет есебінен жалғасты. Биыл осы  мақсатқа республикалық бюджеттен 4 миллиард теңгеге жуық қаржы тартылып отыр. Қомақты қаржы жүзден астам үйді жаңғыртуға жұмсалмақ.

Сондай-ақ облыс орталығындағы апаттық жағдайдағы баспаналардың  орнына жаңадан көпқабатты тұрғын үйлер салынады.

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика