Өңірлер

СҚО-да ауыл шаруашылық өнімін қаржыландыруға 14,9 млрд теңге бөлінді

Солтүстік Қазақстан облысында биыл ауыл шаруашылық өнімін субсидиялауға 14,9 млрд теңге бөлінді, бұл көрсеткіш өткен жылғыға қарағанда 5,6 млрд теңгеге артық.
Солтүстік Қазақстан24 Ақпан , 12:00

«Қазақстан жолы-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында Мемлекет басшысы «жаһандық азық-түлік сұранысы жыл санап арта түседі және бұл секторға инвестиция көптеп салынады» дей отырып, елдегі ауылшаруашылық секторға баса назар аудару керектігін баса айтты. Президентіміздің жоспары мен үндеуінің өміршеңдігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Солтүстік Қазақстан облысы осы бағытта алдыңғы қатардан көрінуі керек. Бұлған тең географиялық орналасу мен табиғи құндылықтарға ғана әсер етпей, субсидия түріндегі мемлекеттік қолдау да қажет», - дейді СҚО әкімі Самат Ескендіров.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы тарапынан жыл сайын ЖІӨ көлемін 4 пайыздан өсіріп отыру тапсырмасы берілген болатын. Қазіргі инвестиция көлемін ЖІӨ-нің 18 пайызынан 30 пайызына дейін өсіру керек.

Солтүстік Қазақстан облысында биыл биыл  ауыл шаруашылық өнімін субсидиялауға 14,9 млрд теңге бөлінді, бұл көрсеткіш өткен жылғыға қарағанда 5,6 млрд теңгеге артық.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 44,7 млрд теңге көлемінде инвестиция салынбақ. Бұл 2012 жылғыға қарағанда 9,5%-ға артық. Осының нәтижесінде ауыл  шаруашылығының жалпы өндіріс көлемі бір жылда 277,3 млрд теңгеге жетіп, 2012 жылғымен салыстырғанда 13,1% артты.

2013 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы еңбек өнімділігі 15,3% артып, 869,2 мың теңгені құрады.

Айта кету керек, ауыл шаруашылығы өнімін экспорттау көлемі 2013 жылы 461,3 млн АҚШ долларын құрады.




Яндекс.Метрика