Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Электрондық анықтаманың түпнұсқалылығын е- үкімет порталында тексеруге болады - ККМ

Электрондық үкімет порталында eGov арқылы алынған электрондық құжаттар мен чектердің түпнұсқалылығын тексеруге болады.
Астана қаласы24 Ақпан , 11:50

Осы мүмкіндік порталдың басты бетінің оң жақ төменгі бұрышында «Құжатты тексеру» тарауында қолжетімді. Пайдаланушы тиісті құжаттың түпнұсқалылығын тексеру үшін «Қызметтерді тексеру» немесе «Чектерді тексеру» тармағын таңдайды.

«Е-анықтамадарды тексеру үшін оның бірегей нөмірін (ол құжаттың оң жақ жоғарғы бұрышында орналасқан), қызметті алушының ЖСН және БСН енгізу қажет. Чекті тексеру кезінде төлемнің түрі және төлемнің бірегей коды көрсетіледі. «Табу» батырмасын басқаннан кейін жүйе құжат немесе төлем бойынша деректер түрінде тиісті нәтижемен сұрау салудың мәртебесі туралы ақпаратты береді», - деп Көлік және коммуникация министрлігінде хабарлады.

Айта кетейік, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» ҚР Заңының 7 бабына сәйкес электрондық құжат қағаз тасығыштағы құжатқа тең мәнді екендігін еске саламыз.




Яндекс.Метрика