Өңірлер

Шығыс-Қазақстандық сот онлайн технологияны енгізуде

Шығыс-Қазақстандық сотта пилоттық режимде онлайн технология аудандық және қалалық соттармен видеоконференция байланысы енгізілді.
Шығыс Қазақстан24 Ақпан , 11:50

Қазақстан соттарының VI съезінде Мемлекет басшысы әділеттікті жергілікті жұрттың барлығына теңдей қолжетімді болуының маңыздылығын атап өтті. Видеоконференция жүйесін Шығыс Қазақстан облысында енгізу аудандық және қалалық соттарға ҚР Жоғарғы Сотының өткізіп жатқан семинарлары мен жиналыстарын  он-лайн режимде таратып, көрсетуге мүмкіндік берді, деп ШҚО Ақпараттық орталығынан хабарлады.

Сонымен қатар, Облыстық сот төрағасы Абай Рахметуллиннің басшылығымен онлайн режимде аудандық, қалалық соттардың төрағаларымен жиналыс өткізеді, олардың жасаған жұмыстары бойынша есептері мен қызмет сапасын арттыру мақсатындағы алдағы уақытқа жоспарлаған шаралары туралы тыңдалады.  

Айта кетерлік жайт, видеоконференция жүйесінде жиналыс өткізу тәжірибесі енгізілгелі бері жұмыс сапасының артқаны және берілген тапсырмалардың дер кезінде орындалуы байқалады.

Қазіргі таңда сот процестерінің толықтығы мен соттық іс қарау протоколының сапасын қамтамасыз ететін механизм ретінде барлық жерде жаппай сот процестерінің аудио-видеоконференциясы жүйесін енгізілді. 




Яндекс.Метрика