Өңірлер

«Мәңгілік ел» - ата-бабамыздың асыл арманы – С. Рамазанова, оқушы

«Мәңгілік ел» ата-бабамыздың сан мыңдаған жылдардан бергі асыл арманы, деді Астанадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Сана Рамазанова Strategy2050.kz АА берген эксклюзивті сұхбатында.
Астана қаласы 24 Ақпан, 11:33

«Менің ойымша, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы  – арман-тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшатын, ұрпақтары ертеңіне сеніммен қарайтын ел болуы керек. Соның мақсатында болашаққа жоспарланған «Мәңгілік Ел» жобасы қазіргі кезде іске асырыла бастады», - деді Сана Рамазанова.

Сондай-ақ, ол бұл жобаның мақсаты – Қазақстан Республикасын әлем халықтары арасында 30 дамыған елдердің қатарына қосу екендігін де айта кетті.

«Мен бұл жобаны қолдаймын. Себебі 2050 Стратегиясында біздің елімізде экономика, медицина және білім салалары дамиды. Біз жаңа сатыға көтерілеміз. «Мәңгілік Ел» жобасы арқылы біз ата-бабаларымыздың армандарын ақиқатқа айналдырып, «Мәңгілік елдің»  іргетасын қалауда үлкен рөл атқаратын боламыз», - деді С. Рамазанова.





Яндекс.Метрика