Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

ҚР-да кадр біліктілігін арттыру және қайта дайындау бойынша ғылыми-зерттеу институтын құру керек - С.Айымбетов

Қазақстанда кадр біліктілігін арттыру және қайта дайындау бойынша ғылыми-зерттеу институтын құру керек. Бұл туралы Парламент сағатында ҚР Параламентінің Мәжілісі Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Сейтсұлтан Айымбетов мәлім етті.
Астана қаласы24 Ақпан , 11:20

«Біздің комитет Агенттіктермен өзге де мемлекеттік органдарға статистиканың кадрлық әлеуетіне көбірек көңіл бөлу керек деп ойлайды.  Статистикалық жүйені реформалау және сапалы статистикалық мәліметтермен қамтамасыз ету жақсы дайындалған мамансыз есеп жүргізу немесе реформалау мүмкін емес екендігі айдай анық», - деп С.Айымбетов атап өтті.

Оның үстіне, мониторинг нәтижесі бойынша республика бойынша мемлекеттік қызметтегі кадрлардың еңбек өтілімі  2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша әкімшілік мемлекеттік органдарда 10 жыл, fгенттіктерде  - 7 жыл, яғни 1,5 есе төмен.

«Осыған орай, Үкімет және бірінші кезекте Агенттіктер білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін Агенттік арнайы шаралар қабылдауы керек. Сондықтан да, әдістемені жасақтау, әкімшілік және статистикалық мәліметтерді сараптау,  сонымен қатар, кадрлық әлеует проблемаларын жүйелі және кешенді шешу үшін кадр біліктілігін арттыру және қайта дайындау бойынша ғылыми-зерттеу институтын құру керек деп есептейміз. Аталмыш институт халықаралық талаптарды есепке ала отырып осы мәселені шешумен айналысатын еді», - деп ол баса айтты. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика