Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Мемлекеттік басқару академиясында ауыл әкімдері үшін семинар өтті

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 300 ауыл, аудан дәрежесіндегі әкімдерге арналған семинар ұйымдастырылды.
Астана қаласы24 Ақпан , 11:04

«Семинар – бұл жаңа ақпарат алу ғана емес, бірінші ауыздан естілген қосымша мүмкіндіктер жаңа заңнамалық актілер береді. Сондай-ақ, Астанаға келу елорданың әсем жерлерін тамашалауға мүмкіндік береді. Меніңше, Қазақстанның даму жетістігінің бірі орталықсыздандыру болып табылады. Жергілікті мықты билік – бұл мықты мемлекет. Сіздер жергілікті пункттерді басқарып отырсыздар, онда 40 пайыз тұрғын мекен етеді. Сіздердің жұмыстарыңыздың нәтижесі азаматтардың мемлекеттік қызметке деген көзқарасын қалыптастырады», - деді семинар барысында Мемлекеттік  іс жөніндегі агенттік  төрағасы Ә. Бәйменов.

Екі күндік семинар барысында әкімдер Елбасының «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының жетекші   бағыттарымен танысты.

«Екі күндік семинарда біз қарастыратын басты мәселе осы деңгейдегі әкімдіктер тарапынан жасалған 67 функцияны тиімді түрде іске асыру. Бүгінгі және ертеңгі семинардың басты тақырыбы – әкімдердің қызметін жоспарлау мәселесі. Нақтырақ айтар болсақ, ол ауыл жиналысын жүргізу мен ондағы талқыланатын тақырыптар туралы. Сонымен қатар, бюджет міселесі мен жер игеру мәселелері және салық жағдайы», - дейді Академия ректоры Б. Әбдірасылов.

Айта кету керек, онлайн–трансляцияда семинарға мемлекеттік оқытудың 15 өңірлік орталығынан 2 мыңдай әкім қатысты.




Яндекс.Метрика