Басқару

ҚР-да 2014 жылға арналған жаңа 6 статистикалық пішін енгізілді – Ә.Смайылов

Қазақстанда биылғы жылға жаңа 6 сатистикалық форма енгізіліп, 28 форма алынып тасталды. Бұл туралы Мәжілістегі Үкіметтік сағатта ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлімдеді.
Астана қаласы24 Ақпан , 10:55

«2013 жылы 2014 жылдың статистикалық жұмыстарын жоспарын құру аясында өткен жылы жұмыс істеген агенттіктің жалпы мемлекттік бақылауының 181 статистикалық формасы қаралды. Олар респонденттер мен тиісті мемлекеттік органдардың қатысуымен жұмыс тобында талқыланды. Статистикалық формалар қазіргі көрсеткіштерің актуалдылығын сараптап, ведомстволық көрсеткіштермен өзге мемлекеттік орган мәліметтерінің сәйкестігін тексереді», - дейді төраға.

Оның айтуынша, қайта қарау нәтижесінде оңтайландыру мақсатында 111 статистикалық форма өзгертіліп, 28-і алынып тасталды.

«Сонымен қатар, жаңа 6 форма енгізілді. Атап айтар болсақ олар – мүгедектігі бар тұлғалардың өмір сапасы, жұмыспен қамтылу деңгейі, өңіраралық сауда аясында көтерме сауда саласындағы жұмыссыздық, электронды сауда мен жаңартылмалы қуат көздерін пайдалану көрсеткіші. Барлық статистикалық формалар ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамасынан өтіп, мемлекет пен құқық ғылыми-зерттеу инститиутында қаралды», - деп толықтырды.

2014 жылғы статистикалық форманы қайта қарау нәтижесінде респонденттердің есеп беру жүгі 12 пайызға азайтылды.




Яндекс.Метрика