ҚР Тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

Ана тілін дамыту – әр азаматтың міндеті - «WikiBilim» қорының жетекшісі

«WikiBilim» қорының жетекшісі Рауан Кенжеханұлы анатілін қолдау жөніндегі өз пікірімен бөлісті, атап айтқанда, ол «ана тілін дамыту – әр азаматтың міндеті» деді.
Астана қаласы21 Желтоксан , 00:00

«Тіл мәселесін шешуді тек мемлекеттен күту және талап ету дұрыс емес. Әрине, міндетті білім бағдарламасы, мәдени мұраны қолдау және т.б. сияқты мемлекет жауапты болып табылатын мәселелер де бар. Бірақ мемлекет бәрін қамти алмайды. Ана тілін қолдау және дамыту әр азаматтың міндетіне айналуы тиіс. Тілді білетін әрбір адам сол тілде сөйлеп, жазып, аударма жасай алады. 

Біз айналысатын жобалар өзінің күші мен жеке уақытын тілді дамытуға жұмсауға дайын адамдардың аз емес екенін көрсетті. Заманауи технологиялар мұндай қатысу үшін өте өолайлы мүмкіндіктер береді. Қараңыздаршы, әлемде тұтынылатын ақпарат көлемі геометриялық үдеумен артып келеді, оның ең көп бөлігін қолданушылардың өздері жасайды. Адамдар жалғыздан немесе қоғамдастықтарға бірігіп, сөздіктер, кітапханалар, онлайн мектептер, жаһандық энциклопедиялар жасайды, кітаптар, фильмдер аударады. Оларды өздері желі арқылы таратады», - деп қорытындылады Р.Кенжеханұлы. 

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақша Википедия» жобасы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Кәрім Мәсімовтің басқаруымен жүзеге асырылуда. 

Жоба 2011 жылдың маусымында басталған болатын. «Викимания» (Wikimania-2011) халықаралық конференциясының қорытындысы бойынша «Қазақша Википедиа» жобасы жыл Википедиясы аталды (мақалалар саны мен көлемі жағынан да, белсенді редакторлар саны жағынан да жыл бойы өсу байқалды).

Аталмыш жобаның мақсаты Википедия жаһандық энциклопедиясының қазақ тілді бөлімін дамыту болып табылады. Энциклопедияның мақалаларын редакторлар ретінде жұмыс жасайтын пайдаланушылардың өздері жазады.




Дерекнама

Яндекс.Метрика