Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

«ҚазжолҒЗИ» және Калабрия университеті ынтымақтастық жөніндегі келісімшартқа қол қояды

«ҚазжолҒЗИ» АҚ-ы Калабрия Университетімен (Италия) бірлесіп жол материалдарының ортақ ғылыми зерттеулерін өткізу, машықтанудан өту және білікті мамандарды даярлау жөніндегі келісімге қол қоюды жоспарлап отыр.
Астана қаласы24 Ақпан , 10:25

 «ҚазжолҒЗИ»-ға университеттің өкілдері, атап айтқанда профессор Сезаре Росси (Cesare Rossi) және асфальт-бетоншы мен битумшы Еуроодақ (ЕАРА) қауымдастығының мүшесі профессор Томас Фальво (Thomas Falvo) келіп кеткен. Олар «ҚазжолҒЗИ»-да өткізіліп жатқан зерттеулерге және институт зертханасының техникалық жабдықталуына үлкен баға берді, деп Көлік және коммуникация министрлігінде хабарлады.

«ҚазжолҒЗИ» АҚ-ы бүгінгі таңда жаңа материалдар мен технологияларды қолдану көмегімен 40 тәжірибелік учаскенің бақылауын жүргізуде екенін еске саламыз. Зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстанда автомобиль жолдарының құрылысында жаңа материалдар мен технологияларды қолдану мүмкіндігі анықталады. Осылайша ағымдағы жылы құрылыста асфальтті бетонды жабындыға жасарту сұйығын пайдалану,  цемент-бетон жабындыларына ілінісу сапасын арттыратын «Микросюрфейсинг» типті қабатты; жол жамылғысының іргетасы үшін құрылыстың құнын төмендететін тұрақтандырыштарды; күрделі жөндеу құнын азайту үшін салқын ресайклдеу технологиясын; құрылыс құнын төмендететін монолитті темірбетонді көпірлер құрылысының технологиясын пайдалану, сонымен  қатар күрделі шығындар құнын төмендету мақсатымен жол жамылғысының жеңілдетілген конструкцияларын енгізу жоспарланып отыр.

Калабрия Университеті 1972 жылдан бастап ұлттық және дүниежүзілік деңгейде әртүрлі бағыттар бойынша жұмыс жасауда. Университет факультеттерінің көп бөлігі зерттеу жұмыстарымен айналасады. Сол жұмыс нәтижелерінің көп бөлігі халықаралық стандарттарда көрсетілген.




Дерекнама

Яндекс.Метрика