Инфрақұрылымның дамуы

Алматыда газбен жүретін автобустар саны 4 есеге артады – МГМ

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында алдағы уақытта Алматыда газбен жүретін автобустар санын 4 есеге дейін арттыру көзделіп отыр, деп мәлімдеді ҚР Мұнай және газ министрлігі Газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры орынбасары Ақжол Оспанов Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.
Астана қаласы 24 Ақпан, 10:16

«Мемлекет басшысы Жолдауы аясында қазіргі таңда автотранспортты экологиялық жанармай түрі газға алмастыру мәселесі қаралым жатыр. Өздеріңізге де белгілі, 2011 жылдан бастап «ҚазТрансГаз» АҚ Алматы қаласы әкімдігімен қалалық автобустарды газбен жүретін автобустарға алмастыру жосбасын сәтті іске асырып келеді», - дейді А.Оспанов.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Алматы қаласында 250 автобус пен 300 жеңіл көлік газбен жүреді, олар қаладағы 3 газ бекетінен толтырылады. Алдағы уақытта Алматы қалалық әкімдігі қала автобустарының санын 1 мыңға дейін жеткізіп, ал «ҚазТрансГаз» газ толтыру бекеттерін 8-ге жеткізуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, аталмыш жобаны Астанада да қолға алу жоспарланған. А.Оспановтың ойынша, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қарай елордада газбен жүретін 850 автобусты қала тұрғындары игілігіне ұсыну жоспарланған.

«Елдің өзге өңірлеріне келер болсақ, болашақта біз мұндай бастаманы Оңтүстік Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында да жүзеге асыратын боламыз», - дейді А.Оспанов.





Яндекс.Метрика