Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

ҚР-ның ішкі нарығына үзіліссіз газ жеткізу сұрақтары талқыланады – ҚР МГМ

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы барысында Қазақстанда ішкі нарыққа үзіліссіз газ жеткізу сұрақтары талқыланады, бұл туралы Strategy2050.kz АА берген сұхбатында ҚР МГМ Газ өндірісін дамыту департаментінің директоры Ақжол Оспанов мәлімдеді.
Астана қаласы 24 Ақпан, 09:57

«Ағымдағы жылдың 27 қаңтары күні Премьер-Министрдің қатысуымен өткен Мұнай және газ министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Министрлікке газ саласының даму тұжырымдамасын дайындау тапсырылған болатын. Оның құрамына ішкі нарыққа үзіліссіз газ жеткізу, көліктік-газ жүйесінің кешенді дамуы, газ, мұнайды өңдеу, төменгі газ саласын дамыту енеді», - деді А. Оспанов.

Оның айтуынша, 2014 жылдың 14 ақпанында Министрдің бұйрығымен ведомствоаралық жұмыс обы құрылған болатын. Оған қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар қатысты.

«Қазіргі таңда министрлік тарапынан газ саласын кешенді дамытудың белсенді жұмыстары жүргізілуде. Тұжырымдама жобасында 2050 жылға дейінгі кезеңде республика өңірлері мен кен орындарында газ өндірудің ұзақмерзімді балансын сараптау мен дайындау жұмыстары қарастырылған. Газ балансы жобасы жаңа кен орнын енгізу есебінен республиканың кен орындарын игерушілердің мәліметтері негізінде құрылады», - дейді А.Оспанов.

Сонымен қатар, Үкіметтің тапсырмасымен МГМ газдандырудың бас жоспарын дайындауда.

«Газдандырудың бас схемасы жобасы тиісті мемлекеттік органдар және облыс әкімдіктерімен келісілген өңірлік газдандыру схемасы негізінде дайындалды. Алдағы уақытта тиісті мемлекеттік органдар және облыс әкімдіктер  қатысуымен ведомствоаралқы комиссия отырысын өткізуді жоспарлап отырмыз. Осыдан кейін біз Бас схема жобасын тиісті мемлекеттік органға қарауға жібереміз», - дейді А. Оспанов.





Дерекнама

Яндекс.Метрика