Жұмыспен қамту мен еңбектің жаңа саясаты - Қазақстан – Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

ШҚО кәсіпкерлері ел Президентінің үндеуіне үн қатты

Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы құрылымдары, шағын және орта кәсіпкерлік жетекшілері Қазақстан Республикасы Президентінің жалақыны 10% көтеру туралы тапсырмасын қолдап отыр.
Шығыс Қазақстан24 Ақпан , 09:15

Осындай жауапты қадам арқылы Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлері ұлт Көшбасшысының ұстанған елдегі қаржылық тұрақтылық пен әлеуметтік-экономикалық жаңғырту саясатын қолдады, дейді ШҚО Ақпараттық орталығы.

Кәсіпкерлер ұлттық валюта курсының түзетілуі мен елдегі макроэкономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға бағытталған шараларға түсіністікпен қарап, теңге курсының түзетілуі отандық өндірістің, инвестиция ағымының, жұмыспен қамту деңгейінің, осылардың нәтижесі ретінде халықтың әлеуметтік ахуалының артуына оң ықпалын тигізетініне сенімді.

Өткен жылы өңірдегі салаларға көрсетілген мемлекеттік қолдау 50 млрд теңгеден асты. Осындай ірі көмекке қол жеткізе отырып агрария мен кәсіпкерлер Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы және 14 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан тапсырмаларын орындауды өздерінің борыштары деп біледі.

Кәсіпкерліктің әлеуметтік маңызын түсінген Шығыс Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылық құрылымдар мен шағын және орта кәсіпкерлік жетекшілері Қазақстан Республикасы Президентінің жалақыны 10% көтеру туралы тапсырмасын қолдап, бұны өз кәсіпкерліктерінде жүзеге асыруды көздеп отыр. Сонымен қатар барлық Қазақстан бойынша кәсіпкерлік иелерін осы үндеуге үн қатыуға шақырып, елдің әлеуметтік өркендеуіне ат салысуға шақыруда.




Дерекнама

Яндекс.Метрика