Өңірлер

Ақтөбе облысында ШОБ саласында 120 мыңнан астам адам жұмыс істейді

ШОБ саласында 120,2 мың актөбеліктер немесе облыстың экономикалық белсенді тұрғындарының 26,7% еңбек етуде.
Ақтөбе23 Ақпан , 12:44

Әкімдіктен хабарлағандай, 2013 жылы ШОБ бойынша тіркелген субъектілерінің саны 57 мыңға жетті.  Ал, шағын және орта бизнестің шығаратын өнімі  3,3%-ға өсіп,  431,4 млрд теңгені құрады. 

Айта кетерлік жайт, ШОБ дамуының бір себебі мемлекеттік және қаржы институттарының қаржылай-несиелік қолдауы. Сонымен, 2013 жылы барлық қаржы көздерін қосқанда  48,5 млрд теңгеден астам сомаға қаржылай-несиелік қолдау көрсетілді.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде аймақтың кәсіпкерлері  жаңғырту және жаңа өндіріс ашу, кәсіпорын сервисі мен  инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту үшін 3 млрд теңге қаржылай көмек алды.

Бұдан басқа, 2013 жылы 33 млн. теңгеге жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкерлер үшін 12 инновациялық грант бөлінді.

Ал, 2014 жылы «БЖК-2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін аймақта  2,1 млрд. теңге қарастырылды.




Яндекс.Метрика