Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Мемлекеттік басқару академиясының семинарына 300 аудан әкімі қатысады

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 24-25 ақпан аралығында өтетін семинарға аудандық маңыздағы қалалардан, ауыл округтары мен елдімекендерден 300 әкім қатысады.
Астана қаласы23 Ақпан , 11:25

«Семинар Елбасының мемлекеттік қызметті жаңғырту және кәсіби мемлекеттік апаратты қалыптастыруға қатысты тапсырмасы аясында ұйымдастырылады», - деп Академиядан хабарлады.

Айта кетерлік жайт, Мемлекеттік қызметкерлерді оқыту аймақтық орталықтарға онлайн – трансляция жүргізу арқылы қатысушылар оқытылатын болады.

Семинарға ҚР Президенті әкімшілігінің басшысының орынбасары Г. Абдрахимов , Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Ә. Байменов және мемлекеттік органдардың өкілдері мен басшылары қатысады.




Дерекнама

Яндекс.Метрика