Су ресурстарына арналған жаңа саясат

2013 жылы 265,5 мың га жерге су үнемдеуші технология орнатылды

2013 жылы 265,5 мың га жерге суүнемдеуші технология орнатылды 2013 жылы дәнді-дақылдар өндірісінде 265,5 мың га жерге ылғалүнемдеуші технология орнатылды.
Ақтөбе23 Ақпан , 10:55

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Н.Назарбаев халыққа Жолдауында  2030 жылға қарай егін алқабының 15% суүнемдеуші технологияларға ауыстырылады деп атап өткен.

«2013 жылы дәнді-дақылдар өндірісінде  265,5 мың га жерге ылғалүнемдеуші технология орнатылса, тамшылатып суару  112,2 га қойылды. Ағымдағы жылы мұндай жұмыстарды өсімдік пен дәнді-дақылдарды және көкеністі  жабық жерде өсіру саласында ылғалүнемдеуші және тамшылатып суару технологияларын орнату жұмыстары жалғасады», - деп облыс әкімдігенен хабарлады.

Оның үстіне, Мемлекет басшысының қаулысымен аймақта егін алқаптарын диверсификациялау жүріп жатыр. Сонымен, 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда бидайдың үлесі 15,4% азайтылып, мал азығын өсіру 25,2% ұлғайтылды.

Жалпы,  2013 жылы облыс бойынша аграрлық секторды дамыту үшін 9,2 млрд. теңге бағытталды.

Ауылшаруашылығы дәнді-дақылдарын өңдеу агротехникасының жақсарғанының арқасында 2013 жылы бидай өндірісі - 2,2 есе, майлыдәндер - 2,8 есе артты. Сонымен қатар, 2012 жылмен салыстыратын болсақ, дәнді-дақылдар - 1,9 есе, картоп - 1,5 есе,  көкеністер - 1,2 есе көбейді.




Яндекс.Метрика