Өңірлер

Жолдау-2014 толығымен жүзеге асырылатынына сенімдімін - А.Джаннотти

ҚР Президентінің Жолдаудағы тапсырмалары мелекеттің барлық аймақтарының дамуына оң әсерін тигізеді, деп есептейді саясаткер, «Пизы» және «Ла Сапиенца» университеттерінің геосаясат бойынша сарапшысы Андреа Джаннотти.
Әлемде23 Ақпан , 10:05

«Бүгінгі уақыт қарама-қайшылыққа толы саясат ретінде түсіндіріледі. Алайда, осыған қарамастан Қазақстан Президентінің бағыты түсінікті. Жолдаудың атауының өзінде «бір» деген сөз үш рет қайталанады. Бұл өз кезегінде әр азамат Қазақстанның ұлы және олардың құқықтары тең, сондықтанда олар мемлекеттің дамуына бірігіп күш салуы керек дегенді білдіреді», - деп А. Джаннотти атап өтті.

Сонымен қатар ол, қазақстандық саясаттың тағы бір ерекшелігін «өзге мемлекеттер үшін қолжетімсіз немесе шындыққа жанаспайтын болуы мүмкін – ол ұзақмерзімді табысты жобалау болып табылады» , деп тілге тиек етті. 

«Қазақстан экономикасының өсуіне жылдам әрі жақсы жағынан әсер еткен факторлар ішінде бай табиғи ресурстардан басқа, экономикалық жоспарларды жүзеге асыру, екі-үші айға емес он-жиырма жылға арналған әлеуемттік реформалар бар. Бүгінгі таңда біз жоспарланған кейбір кезеңдер ұсыныстарды заманауи жетілдіру және халықаралық тәжірибелерді есепке ала отырып уақытанын бұрын жүзеге асырылғанына куәміз», - деді сарапшы.

Саясаткердің айтуынша, «Қазақстанның табиғи және адам ресурсатарын, осы күнге дейін жеткен жетістіктерін есепке ала отырып осы жолы да мақсатқа жетеді және ол мелекеттің барлық аймақтарының дамуына оң әсерін тигізеді деп сеніммен айтуға болады».




Яндекс.Метрика