Инфрақұрылымды дамыту

2013 жылы Астана-Алматы жоғары жылдамдықты темір жол магистралінің құрылысы басталады

Ағымдағы жылы жоғары жылдамдықтағы темір жол магистралінің құрылысын бастау жоспарланған, деді Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында.
Казахстан01 Сәуір , 00:00


«Ағымдағы жылы жоғары жылдамдықты Астана-Алматы темір жол магистралінің құрылысын бастау жоспарланған, соған орай қалалар арасындағы жүру уақыты 12-ден 5 сағатқа қысқарады», - деді А.Жұмағалиев.

Сонымен қатар, ол жолаушылар тасымалының сапасын арттыру мақсатында 102 жаңа вагондар сатып алынып, 82 вагон ыңғайлылығы жоғары қалыпқа келтірілгенін, оған қоса Астана-Петропавл, Астана-Ақтөбе бағыттары бойынша жүйрік пойыздар ашылғанын атап өтті. Сонымен бірге, биыл Алматы-Атырау және Астана-Атырау бағыттары бойынша пойыздарды іске қосу жоспарланған. 
2012 жылы жүк тасымалдау көлемі 294,7 млн тоннаны, жолаушы тасымалдау - 23,5 млн адамды құрады, темір жолдың 675 мың шақырымы күрделі жөндеуден өтті. Жезқазған-Бейнеу және Арқалық-Шұбаркөл темір жолдарының құрылыстары жалғасуда. 
 




Яндекс.Метрика