Адами капитал

«Мәңгілік ел» – азаматтық қоғам құру жолындағы қадам – Ю.Брыль (Польша)

«Мәңгілік ел» патриоттық актін дайындау мен қабылдау туралы ұсынысы азаматтық қоғам құру жолындағы маңызды қадам, бұдан барлық қоғам болып пайда көру керек, дейді Польша-Шығыс әріптестігі қауымдастығының төрағасы, «Менің Қазақстаным» қауымдастығы төрағасы орынбасары Юзеф Брыль.
Әлемде22 Ақпан , 13:00

«Елбасы Жолдауы ел дамуының жаңа динамикалық жолын жетілдіруде Қазақстандағы терең өзгерістерге бет алған бастамаларды іске асыруда Н.Назарбаевтың белсенді саясаткер екенін көрсетеді. Бұрындары қолға алған бағдарламалар мен солардың нәтижесі біздің аз уақытта айтулы белестерге жеткенімізді көрсетіп, ал алға қойылған ендігі мақсаттар экономикалық дамуда өңірлік қозғаушы күшке айналдыратындай қуатты бастамалар болып табылады. Оған дәлел 2010 жылдан бері қолға алынған Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының тиімді іске асырылуы мен көңілге қонымды нәтижелері. Ел үшін жаңа өндірістерде шет елдік инвесторлармен әріптестік байланыс орнату, соның ішінде автокөлік құрастыру, тікұшақ өндірісі, жолаушылар және жүк вагонын қолға алу біздің жетістігіміздің бір көрсеткіші», - дейді Юзеф Брыль.

Оның айтуынша, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізіне қазақстандық қатысу өңірлік ірі жобаға Қазақстанның да араласатынын байқатады.

«Бұл Президент ұстанған саясаттың көрегендігі. Бұл Қазақстанның әлемге ашылу көрінісі. Менің ойымша, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық еліміздің барлық саласында жаңа технологиялар мен инновацияның белең алуына жағдай жасамақ. Астана ЭКСПО-сы – Қазақстан экономикасы үшін үлкен мүмкіндік», - дейді Ю.Брыль.

Сонымен қатар  «Менің Қазақстаным» қауымдастығы төрағасы орынбасары «Мәңгілік ел» патриоттық актінің дайындалуы мен қабылдануына ерекше көңіл аударды.

«Мәңгілік ел» патриоттық актін дайындау мен қабылдау туралы ұсынысы азаматтық қоғам құру жолындағы маңызды қадам, бұдан барлық қоғам болып пайда көру керек», - дейді Польша-Шығыс әріптестігі қауымдастығының төрағасы Юзеф Брыль.




Яндекс.Метрика