Білім беру

Қызылордада металлургтер оқытылатын болады

Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы индустриялды-аграрлы колледжде металлургиялық сала мамандары кәсіби қайта дайындаудан өтетін болады.
Қызылорда22 Ақпан , 11:30

Металл өңдеу өнеркәсібінің дамуы Қызылорда облысының басым бағыттарының бірі. Облыс әкімдігінің хабарлауынша, 2013 және 2014 жылдарға арналған өңірдің даму жоспарында металлургиялық кластерді құру, сирек, түсті және қара металлды өндіру мен өңдеу көрсетілген.

Металлургия саласының даму болашағын ескере отырып Шиелі ауданындағы индустриялды-аграрлы колледж металлургиялық сала мамандары кәсіби қайта дайындаудан өткізетін болады. Оқу орнында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті құрылғылар алынып қойды. Сонымен қатар мұнда тиісті ұстаздарды да қайта даярлаудан өткізетін болады.

Жоспар бойынша, «Қазатомпром» өз саласы үшін колледж құрмақ. Облыс әкімдігі мұнай-газ компанияларымен бірігіп көмірсутекті шикізат кен орнын дайындау кезінде қажетті мамандарды дайындайтын тренингтік орталық құрылысын қолға алады. 




Яндекс.Метрика