2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

А.Сәрінжіпов «Болашақ» түлектерімен бейресми кездесу өткізді

Назарбаев Университетінде «Болашақ» халықаралық стипендия түлектері білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповпен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген «Қазақстан-2050» Стратегиясының басым міндеттемелерін орындау аясында отандық білім беру жүйесін жаңғырту, «Болашақ» халықаралық стипендиясының даму болашағы мәселелерін талқылады.
Астана қаласы22 Ақпан , 12:30

Кездесу барысында бағдарлама түлектері «Болашақ» халықаралық стипендиясының даму келешегіне қатысты көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, бұл бағдарламаның отандық ғылым мен білімді жаңғыртудағы рөлін айтып, Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатын дамытудың басым бағыттарын ортаға салды.

ҚР Бас ұсатазы мұндай кездесулерді енді тұрақты өткізіп тұратынын айтып, біздің еліміздің дамуындағы болашақтықтардың алар үлесінің орасан екенін мәлімдеді. 




Яндекс.Метрика