Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

«Қазгеология» АҚ мен Қарағанды облысы әкімдігі әріптестік туралы келісімге келді

«Қазгеология» АҚ, Қарағанды облысы әкімдігі және «Қазтрансгаз» АҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Қарағанды22 Ақпан , 10:15

«Мемлекет Басшысының тапсырмасы, сондай-ақ бар шетелдік тәжірибемен бірге өңірдің жоғары экономикалық әлеуеті, жоғары тиімді аса ұтымды технологиялардың болуы көмір қабаттарынан метанды өнеркәсіптік өндіруді ұйымдастыру жөніндегі жобаны іске асыруды бастауға себеп болған», - деп хабарлайды «Қазгеология» АҚ.

Бүгін қол қойылған Меморандумның мақсаты – Қарағанды облысындағы көмір бассейнінің көмір қабаттарынан метанды барлау бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыру, метанды барлау және өндіру технологиясын әзірлеу, метанды пайдалану негізінде жаңа отын-энергетикалық саланы жасау және көмір кен орындарын жер астында әзірлеу кезінде тау жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Тараптар Қарағанды облысының әкімдігі «Қазгеология» АҚ-ға халықтың және облыс кәсіпорындарының газдандырудағы мұқтаждығы туралы ақпаратты ұсыну, геологиялық барлау жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ Қарағанды облысының қажетті инфрақұрылымына қосылу мәселелерінде барынша көмек көрсететіні туралы уағдаласты.

«Қазгеология» АҚ-ы Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетімен бірге Қарағанды көмір бассейнінің метан құрамына біртіндеп геологиялық зерттеуді жүргізеді және дербес пайдалы қазба ретінде көмір қабаттарындағы метан қорларын есептеу және бағалау әдістемесін әзірлейді.




Яндекс.Метрика