Жұмыспен қамту мен еңбектің жаңа саясаты - Қазақстан – Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Тараздағы жәрмеңке аясында 200-ден аса мүгедек жұмысқа орналасты

Таразда мүгедектерге арналған бос жұмыс орны жәрмеңкесі өтті.
Жамбыл22 Ақпан , 10:30

Тараз қаласындағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне мүгедектерге 300 жуық жұмыс орны ұсынып, еңбекке баулуға әзір 40-қа жуық ұйым қатысты. Жәрмеңке қорытындысы бойынша 200-ден аса адам жұмысқа орналасты, делінген әкімдік хабарламасында.

Бұл жәрмеңкеде мүгедектерге өздеріне лайықты жұмыс табуға, ал жұмыс берушілерге жұмыс орындарын тиісті мамандармен жасақтауға мүмкіндік берілді. Сондай-ақ, мұнда келушілерге еңбек заңнамасы, мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері, жұмыспен қамтудың белсенді түрлері бойынша ақыл-кеңестер берілді.




Дерекнама

Яндекс.Метрика