2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

Қызылордада «Мәңгілік ел» Эстафетасы» патриоттық акциясы өтті

Қызылордада облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың, Халық жазушысы Олжас Сүлейменовтың, өзге де қоғам қайраткерлері және жастардың қатысуымен «Мәңгілік ел» Эстафетасы» патриоттық акциясы өтті.
Қызылорда 22 Ақпан, 10:00

«Елбасымыз “Қазақстан - 2050 стратегиясының” түп қазығы етіп, «Мәңгілік ел» ұғымын ұсынды. Ұлттық идеологияға сырбойлықтарда үн қосып, патриоттық акция ұйымдастырды.

Шараның ашылу салтанытында облыс әкімі Қ.Көшербаев ауызбірлігіміз мықты болғанда ғана Қазақ елінің түпкі мұраты – Мәңгілік елге қол жеткізе аламыз» деді.

Әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енген Қазақстанның алдында енді үздік отыздыққа ену міндеті тұр. Осы мәртебелі жолды абыроймен жүріп өту үшін жұдырықтай жұмылып, бірлігіміз бекемдігін көрсетуіміз керек. Сырбойлықтар межені бағындыруда аянбай еңбек етуге дайын екендіктерін осы акцияда анық аңғартты.

Қазақстанның халық жазушысы Олжас Сүлейменов Сыр елінде өрісті өркендеу барын айтып, әрбіріміз ел патриоты болуымыз керек екенін мәлімдеді.

Шара барысында «Нұргүл» би ансамблі «Жаса, Қазақстан!» әуеніне хореографиялық картина жасады. Акция былтыр пайдаланылуға берілген «Мұз айдыны» спорт кешенінде өттіп, оған мыңға жуық сырбойлықтар қатысты.





Яндекс.Метрика