Өңірлер

Медициналық техниканы лизингтік тасымалдаудың жаңа жүйесі өндірушілермен тікелей келісімшарт құруға мүмкіндік береді – Б.Төкежанов

Медициналық техниканы лизингтік тасымалдаудың жаңа жүйесі дистрибьютор мен алып-сатарлардың араласуынсыз өндірушілермен тікелей келісімшарт құруға мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы пациенттердің құқын қорғау қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында денсаулық сақтау вице-министрі Болат Төкежанов мәлімдеді.
Астана қаласы21 Ақпан , 20:55

«Қазіргі таңда республикада қаржылық лизингпен айналысуды шектеу бойынша ешқандай тыйым болмады. Өздеріңізге де белгілі, нарықта көптеген қарды институттары бар. Атап айтар болсақ олар банктер мен лизингтік компаниялар. Ешбір ауруханаға нарықтың шартымен лизингке медициналық техниканы сатып алуға тыйым салынбайды. Алайда ешбір аурухана өз бетінше қаржыландырудың өзге құралын іздестірмей, тек мемлекеттік бюджетке ғана сүйеніп отыр», - деді Б.Бөкежанов.

«ҚазТехМед» АҚ құру арқылы еліміздің денсаулық сақтау саласына нарық механизмдері еніп келеді.

«Медициналық техниканы лизингтік тасымалдаудың жаңа жүйесі дистрибьютор мен алып-сатарлардың араласуынсыз өндірушілермен тікелей келісімшарт құруға мүмкіндік береді. Әрине, бұндай әдіс ескің жүйемен жұмыс істеп қалғандарға жаға қоймасы анық», - деді вице-министр.




Яндекс.Метрика