Шағын және орта бизнесті дамыту

«Даму» қоры жас кәсіпкерлерді қаржыландыра бастады

Бүгін Астанада «Damu Start Up» бағдарламасының таныстырылымы өтті. Бұл бағдарлама жас кәсіпкерлерді қолтықтан демеуге арналған.
Казахстан05 Наурыз , 00:00

«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының Астана қалалық филиалының қаржылық емес қолдау көрсету жөніндегі бас менеджері Зәмзәгүл Хамзина журналистерге берген сұхбатында бұл бағдарламаның басымдықтары туралы айтып берді. 

«Бекітілген ережелерге сай өзінің қызметін жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеген адам жас кәсіпкер болып табылады. Оның кәсіпкерлік субъектісінің тіркелгеніне бір жылдан аспаса, ол жас кәсіпкер болып есептеле береді. Ол кәсіпкерлік қызметке байланысты банктен несие алмаған адам болуы шарт. Қор жас кәсіпкердің өтінішін бес жұмыс күнінде қарап береді», - деді Зәмзәгүл Хамзина. 

Оның айтуынша, жас кәсіпкер «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасында көрсетілген экономиканың басым секторларын қамтитын саланы таңдауы керек.




Яндекс.Метрика