Ұлттың денсаулығы

Орталықсыздандыру ауруханаларға 5 млн теңгеге дейінгі медтехниканы өз беттерімен сатып алуға жағдай жасайды – Б.Төкежанов

Орталықсыздандыру ауруханаларға 5 млн теңгеге дейінгі медтехниканы өз беттерімен сатып алуға жағдай жасайды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы пациенттердің құқын қорғау қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында денсаулық сақтау вице-министрі Болат Төкежанов мәлімдеді.
Астана қаласы21 Ақпан , 20:47

«Денсаулық сақтаудың орталықсыздандырылған жүйесі 5 млн теңгеге дейінгі медициналық техниканы аурухананың өзі сатып алуға мүмкіндік беріп отыр. Сонымен қатар 5-10 млн теңге арасындағы медициналық техниканы аурухана лизинг арқылы сатып алады», - дейді Болат Төкежанов.

«50 млн теңгеден жоғары бағадағы медициналық техника республикалық бюджет есебінен алынады», - дейді Болат Төкежанов.

Оның айтуынша, мемлекет республикалық бюджет есебінен теңдессіз заманауи жаңа медициналық құрылғыларды сатып алу мүмкіндігін беріп отыр.

«Сонымен қатар аталмыш құрылғылар министрліктің мемлекеттік және салалық бағдарламалары бағытына сай келуі керек», - дейді вице-министр.

Айта кету керек, сатып алатын техниканың тоқтап қалмайтыны жайлы кепіл алу шарты арқылы ғана денсаулық сақтау ұйымдары аталмыш техниканы лизингке алады. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика