Ұлттың денсаулығы

ҚР ДСМ денсаулық сақтау жүйесінің екінші кезеңін жаңғыртуды іске асыруға кірісті - С.Мүсінов

ҚР ДСМ денсаулық сақтау жүйесінің екінші кезеңін жаңғыртуды іске асыруға кірісті. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы пациенттердің құқын қорғау қоғамдық кеңесі отырысында ведомствоның жауапты хатшысы Серікбол Мүсінов мәлімдеді.
Астана қаласы21 Ақпан , 19:40

«Бірінші кезең міндеттемелері шешілді. Денсаулық сақтаудың біріңғай ұлттық жүйесі енгізілді. Ендігі мақсат екінші кезең бойынша бірінші бөлімнің тиімділігін арттыру, медициналық білім беру жүйесінің сапасын арттыру, бәсекелестікті дамыту мен жоғары технологияларды енгізу», - дейді С. Мүсінов.

Оның айтуынша, медициналық қауымдастық осы прогреске енуде, алайда осы жүйенің алға жылжуына кедергісін келтіріп жатқан топтардың бар екені де жасырын емес.

 «Негізі, олар жаңғыртуға қарсы және консервативті топтар, олар жаңа шарттар бойынша жұмыс істей алмайды, олар өздерінің орнын және басымдықтарын сақтап қалғысы келеді, алайда олар аз. Мемлекет үшін тиімсіз шартар негізінде жасалған ұзақмерзімді келісімшарттардың «ескі тәртібі» бұзылды», - деп ол толықтырды.

Айта кетерлік жайт, жалпы денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту  - Елбасымен бекітілген мемлекеттік «Саламаты Қазақстан» бағдарламасының басты мақсаты. 

 




Яндекс.Метрика