Ұлттың денсаулығы

«ҚазМедТех» жалға 240 техника бірлігін алды – С. Бралина

«ҚазМедТех» АҚ жалға 240 техника бірлігін алды. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы пациенттердің құқын қорғау қоғамдық кеңесі отырысында «ҚазМедТех» АҚ басқарма төрағасы Салтанат Бралина мәлімдеді.
Астана қаласы21 Ақпан , 19:30

«Бүгін 240 техника бірлігі жалға алынды. Әрбір бірлік мониторингтан өтеді. Ол қалай тексеріледі. Қызмет санын тексеретін жүйе бар, сондай-ақ әрбір дәрігер МҚКМК бойынша төлем алады. Дәрігер науқасқа бағыт берген соң, ол онымен тексерісті одан әрі жалғастыра алады. Бұл жалға алынған техникада көрсетіліп отырады», - деді С. Бралина.

Сондай-ақ, оның айтуынша, ірі өндірушілермен  ынтымақтастыққа ұмтылу қажет.

«Ірі өндірушілерді анықтап, солармен тұрақты жұмыс істеуіміз керек. Қазір медтехниканың мынадай төрт алпауыты бар: Simensе, Toshiba, General Electric жәнеPhilips компаниялары. Олар ауыр медициналық техника мен компьютерлік томография өндірісінде халықаралық көшбасшы болып табылады», - деді С.Бралина.

Өткен жылы компьютерлік томографтар сатып алу кезінде медтехника сатып алу бойынша ғылымның соңғы жетістігі мен инновациядағы ұсыныстар мен шарттар ескерілді.

«Былтыр медициналық техника алпауыттарынан үлкен жеңілдік алып,16 компьютерлік томограф сатып алдық. Мен өзім зауытқа барып, құрылғылардың қалай құрастырылатынын көзбен көрдім. Сонымен қатар осы өндірушілер Қытайдан кейін біздің елге ең көп тауар жөнелтеді», - дейді.

 




Яндекс.Метрика