Өңірлер

ДСМ ұзақмерзімді келісімдерді бекітудің жаңа ережесін дайындауда – С.Мүсінов

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі фармацевтикалық салаға тікелей тартылатын инвестиция көлемін арттыру мақсатында ұзақмерзімді келісімдерді бекітудің жаңа ережесін дайындауда. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы пациенттердің құқын қорғау қоғамдық кеңесі отырысында ведомстваның жауапты хатшысы Серікбол Мүсінов мәлімдеді.
Астана қаласы21 Ақпан , 19:33

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі инвестициялық жобаларды іске асырудың нақты талаптарында ашықтықты қамтамасыз ететін фармацевтикалық салаға тікелей тартылатын инвестиция көлемін арттыру мақсатында ұзақмерзімді келісімдерді бекітудің жаңа ережесін дайындаудамыз», - дейді ведомствоның жауапты хатшысы Серікбол Мүсінов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігіне дәрі-дәрмектің қолжетімділігін қаматамсыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілген.

«Өздеріңіз де көріп отырсыздар, мониторинг қорытындысы бойынша, нарықтағы бөлшек сауда жағдайы тұрақты. Біз Біріңғай дистрибьюция жүйесінің артықшылығына кезекті рет көзімізді жеткізе түстік. Ол медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында халыққа дәрі-дәрмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінгі жағдай БД жүйесін құру қажеттілігін тағы да дәлелдей түсті», - дейді.

2014 жылы БД жүйесінің жоқтығы кезінде мүмкін емес болмауы үшін тұрақтандыру қоры секілді стратегиялық қор құрылады.

Сонымен қатар тікелей сатып алу көлемінің артып, бұндай саясат алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

С.Мусиновтың айтуынша, ведомство келешекте де дәрі-дәрмекті сатып алуда бюджет қаражатын тиімді пайдалану бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастыра түспек.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика