Өңірлер

Медтехниканың жаңа жалға беру жүйесі құралдарды сатып алудың «ескі» тәртібін бұзуға шақырады - Б. Төкежанов

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «ҚазМедТех» медициналық техниканы сатып алуды тиімді жүргізеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінінің жанынан ашылған Науқастардың құқығын қорғау қоғамдық кеңесінің ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Болат Төкежанов мәлім етті.
Астана қаласы21 Ақпан , 19:15

«ҚазМедТех» біріншіден құралдарды сатып алудағы кедергісі көп және ескі  тәртіпті бұзу үшін шақырылған. Медтехниканының жаңа лизингтік жеткізу жүйесі либералды және нарықтық принциптермен жүреді, ол мемлекетке инвестиция тартуға мүмкіндік береді, қорғанысты қамтамасыз етуге, өндірушілер есебі мен жаңа өндірістірдің дамуына септігін тигізеді.  Сонымен, денсаулық сақтау министрлігі «ҚазМедТех» АҚ бірлесіп бәсекелестік принципін  енгізуге және медтехника сатып алудағы тиімділікті арттыру бойынша үлкен жұмыс істеуде», - деді вице-министр Б. Төкежанов.

Оның мәліметтері бойынша,  сараптама мен ашықтық принципін енгізу арқылы  «ҚазМедТех» АҚ 20 млрд. теңгеден астам қаржыны үнемдеді.

«Қаржыгер ретінде бұл біз үшін елеулі сома, ол денсаулық сақтау саласының басым бағыттарына қайта үлестірілді дегім келеді.   Аталмыш мақсаттағы жұмыстар жалғастырылады. Оның үстіне біздің мемлекеттік бағдарламамен қарастырылған нақты міндеттеріміз бар», - деп ол түсіндіріп  өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының екінші кезеңіне өтті.

 

 

 

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика