Өңірлер

Денсаулық сақтау министрлігі ведомствоға тиімсіз келісім шарттар тізімін анықтады

Денсаулық сақтау министрлігі ведомствоға тиімсіз келісім шарттар схемасын ашты. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Науқастар құқын қорғау қоғамдық кеңесі отырысында «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Шолпан Ахмет мәлімдеді.
Астана қаласы21 Ақпан , 19:14

«Бізде сонымен қатар келісім шартты заңсыз жасасқан отандық компаниялардың да бары жасырын емес. Астана қалалық кассациялық соты осындай бірқатар отандық компаниялардың келісімшарттарын заңсыз деп тапты. Үкіметтік деңгейде қаралған ережеге сай, аталмыш келісімді түзу үшін бақылау кеңесінің келісімін алу керек болатын. Алайда оны кейбірінің алмағаны анықталды», - дейді Ш.Ахмет.

Оның айтуынша, келісімшартты түзудің жабық процедурасы, іріктеу талаптарының белгісіз жағдайындағы байқау ортасының болмауы мемлекеттік органдар үшін бұл келісім шарттардың заңсыз болуын анықтауға алғышарт болған.

«Келісім шарттарда жобаны іске асыру мерзін реттейтін шарттардың болмағаны да анықталды. Келісімшартқа сәйкес, дәрі-дәрмек өндірісі құрылыстың аяқталғанынан 3 жылдан кейін іске асырылады. Демек, құрылыстың аяқаталатын нақты мерзімі айқындалмаған. Осыны теріс мақсатта қолданған компаниялар ешбір жаңа құрылысты қолға алмаған. Енді олардың алдына қойған тапсырмаларын іске асырмаумен қатар олар Біріңғай дистрибьюторге кінә артады», - дейді Ш.Ахмет.

Оның айтуынша, осы арқылы олар салаға инвестициялық қызығушылықты төмендетіп отыр.

«Өтініштер мен олардың орындамаған 460 позициясы жалпы саны 995 болатын үзақмерзімді келісімшарттардың 50 пайызын құрайды. БД барлық процедурасы мен шарттары барынша ашық жүргізіледі», - дейді Ш. Ахмет.




Дерекнама

Яндекс.Метрика