Өңірлер

С.Бралина медтехниканы сатып алу жаңа жүйесінің артықшылығын атады

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінінің жанынан ашылған Науқастардың құқығын қорғау қоғамдық кеңесінің отырысында «ҚазМедТех» АҚ басқарма төрағасы Салтанат Бралина медтехниканы сатып алудың жаңа жүйесінің артықшылығын атап берді.
Астана қаласы21 Ақпан , 18:47

«Енді осы механизмді енгізгеннен кейін мемлекет не ұтатынын түсінейік. Бұл медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуда бюджет қаржысын тиімді жұмсау болып табылады. Үш жылдың ішінде лизингтен 9 млрд. теңгеден астам қаржыны және сараптамадан 11 млрд. теңгеден астам қаржыны үнемдейміз», - деді С. Бралина.

Сонымен қатар ол, аталмыш жүйені қалыптастыру арқылы тек қажетті құралдар сатып алынады және олар бос тұрмайды, оның ішінде кепілдендірілген сервистік қызметте бар, деп атап өтті.

«Осы ретте, құралдардың босқа тұрып қалуының себептері  әбден мезі болған. Олар техникамен жұмыс істей алатын дәрігердің болмау немесе ол ауырып қалады, болмаса басқа жаққа жұмысқа ауысып кетеді. Тіпті, ол техникамен жұмыс істеу үшін соншалықты науқастарда болмайды. Ең соңғы мезі қылған уәж ол техника сынып қалды және оның бұзылып қалған бөлшегін ешкім ауыстыра алмайды, оның үстіне ол бөлшекті сатып алуға мүмкіншілік жоқ, себебі оны медициналық техникамен бірге тіркеу бітіп қалған. Тәртіп бойынша медициналық құрылдар бөлшектерімен бірге тіркеледі», - деді С. Бралина.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінінің жанынан ашылған Науқастардың құқығын қорғау қоғамдық кеңесінің отырысында «ҚазМедТех» АҚ  басқарма төрағасы  Салтанат  Бралина орталықсыздандыруға негізделген  медтехниканы сатып алудың жаңа жүйесінің жасақталғанын хабарлады. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика