Өңірлер

«ҚазМедТех» орталықсыздандыруға негізделген медтехника сатып алу жүйесін құрды – С.Бралина

«ҚазМедТех» орталықсыздандыруға негізделген медтехника сатып алу жүйесін құрды. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы пациенттердің құқын қорғау қоғамдық кеңесі отырысында «ҚазТехМед» АҚ басқарма төрағасы Салтанат Бралина мәлімдеді.
Астана қаласы21 Ақпан , 18:26

«Біз орталықсыздандыруға негізделген медтехника сатып алу жүйесін құрдық. Оның пайдасы қандай, берері не? 5 млн теңгеге дейінгі медициналық техниканы аурухана өзі сатып алыд. Ал 5-10 млн теңге арасындағы медициналық техниканы аурухана «ҚазТехМед» АҚ лизингі есебінен сатып алады», - дейді Салтанат Бралина.

«50 млн теңгеден жоғары бағадағы медициналық техника республикалық бюджет есебінен алынады», - дейді Салтанат Бралина.

Оның айтуынша, сатып алуды орталықсыздандыру нәтижесінде бюджеттен тікелей онкологиялық көмек бойынша салалық және мемлекеттік бағдарламаларды орындауға әсер ететін теңдессіз, жоғары технологиялық сапалы техника алынады.

Өз кезегінде медициналық ұйымның қажет еткен медициналық техникасын лизинг арқылы алуға мүмкіндік тумақ.

«Қазіргі таңда республикада қаржылық лизингпен айналысуды шектеу бойынша ешқандай тыйым болмады. Өздеріңізге де белгілі, нарықта көптеген қарды институттары бар. Атап айтар болсақ олар банктер мен лизингтік компаниялар. Ешбір ауруханаға нарықтың шартымен лизингке медициналық техниканы сатып алуға тыйым салынбайды. Алайда ешбір аурухана өз бетінше қаржыландырудың өзге құралын іздестірмей, тек мемлекеттік бюджетке ғана сүйеніп отыр. «ҚазТехМед» АҚ құру арқылы еліміздің денсаулық сақтау саласына нарық механизмдері еніп келеді», - дейді Салтанат Бралина.




Дерекнама

Яндекс.Метрика