Өңірлер

«СК-Фармация» жыл сайын зауыт-өндірушілерден тікелей сатылымды көбейтуде - Ш.Ахмет

«СК-Фармация» жыл сайын зауыт-өндірушілерден тікелей сатылымды көбейтуде. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінінің жанынан ашылған Науқастардың құқығын қорғау қоғамдық кеңесінің отырысында «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Шолпан Ахмет мәлім етті.
Астана қаласы21 Ақпан , 18:07

«Бәсекеге қабілетті орта аясында Бірыңғай делдал сатып алуды екі кезеңдегі тендірлік процедура жүйесі бойынша жүргізеді. Жыл сайын тендрге Қазақстанның барлық жерінен 70 делдал компаниялар қатысады. Бірінші кезеңдегі ашықтықты тендірге ұсынылған құжаттардағы қателікті жөндеу мүмкіндігі береді. Ал, екінші кезеңде бағаны төмендетуге арналған аукцион. Ол рұқсат алған әлеуетті жеткізіп берушілер арасында өтеді», - деді Ш.Ахмет.

Бұл шара дұрыс бәсекелестікті қалыптастыруға жағдай жасайды. Тендрлік коммисияға қызығушылық танытып отырған салалардың сарапшылары кіреді, ал сырттай бақылауға түрлі саланың құқыққорғау органдары немесе мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері шақырылады.

Жалпы, 2011 жылдан бастап  18,5 млрд. теңгеге қосымша тікелей келісім жасалып 3,6 млрд. теңге үнемделді.

Ш. Ахметтің айтуынша, қазіргі таңда елімізде  екі кезеңдегі тендерлік жүйесі бар Бырыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны құру мәселесі талқылануда. Ол өз кезегінде сатып алудың ашықтығына және тауар бағасының төмендеуіне әсер ететін болады. 




Яндекс.Метрика