Өңірлер

«СК-Фармация» сатып алудың 75%-ы отандық тауар өндірушілер үлесі – Ш.Ахмет

«СК-Фармация» сатып алған тауардың 75%-ы отандық тауар өндірушілердікі. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы пациенттердің құқын қорғау қоғамдық кеңесі отырысында «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Шолпан Ахмет мәлімдеді.
Астана қаласы21 Ақпан , 17:51

«5 жыл ішінде біз сатып алған отандық өнімнің үлес салмағы 58,3 млрд теңгеге жетті. Ал тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясындағы үлесі қазіргі таңда шамамен 75 пайызға жетті», - дейді Ш.Ахмет.

Аталмыш шаралар, оның айтуынша, елде қолайлы инвестициялық жағдай қалыптастырып, салаға әлемдік фармөндірушілерді тартты.

Осылайша, Polpharma, Фармстандарт бүгінгі таңда 150 млн доллар көлемінде инвестиция құйды.

Ш.Ахметтің айтуынша, Sanofi и Pfizer секілді фарминдустрия алыптарын Қазақстанда орналастыру туралы жоспар да жоқ емес.

Жалпы, «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының айтуынша, 2011 жылдан бастап 18,5 млрд теңгеге тікелей келісімшарт жасалып, осы арқылы 3,6 млрд теңге үнемделген.

«Біріңғай дистрибьютор отандық фармацевтикалық индустрияның дамуында қозғаушы күш болып табылады. Осының үдесінен шыға алу үшін үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында отандық фармацевтикалық саланы дамыту бағдараламасын іске асыру мақсатында отандық өндірушілерге берілетін преференция қарастырылған. Бұл ұзақмерзімді келісім 7 жылға есептеліп, тендерлі процедураларда артықшылығын көрсетеді», - дейді басқарма төрағасы.




Яндекс.Метрика