Білім беру әдістемелерін жаңғырту

Орал педагогтары Президент Жолдауын іске асыруға бар күшін салады – сарапшы

Орал педагогтары Елбасының Жолдауын іске асыра алады. Бұл жөнінде қалалық білім бөлімінің бастығы Жансұлу Төремұратова мәлімдеді.
Батыс Қазақстан12 Желтоксан , 00:00

«Адам ретінде және мемлекеттік чиновник ретінде де ел алдына 2050 жылға дейін міндет қойған Президентіміздің қырағылығына тәнтімін. Біз қазақстандықтардың болашақ ұрпағына құндылықтарды ұқыптап қалдыруымыз керек», - деп атап өтті Ж.Төремұратова.


Қалалық білім басқармасы бастығының пікірінше, Оралда атқарушы органдар мектепке дейінгі біліммен қамтылған балалар санын арттыру үшін бар мүмкіндіктерді пайдаланып отыр. 

«Қалада осы жылда ғана 3 мектеп пен 3 балалар бақшасы салынды. Келесі жылы Зашағанда және Дерқұл кентінде 1200 орындық мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ ҚПО Б.В. мұнай-газ консорциумының инвестициясына 360 орындық балалар бақшасы салынып жатыр», - дейді Ж.Төремұратова.

Ж.Төремұратованың пікірінше, оралдық педагогтар Президенттің Жолдауы толығымен іске асырылуы үшін бар күштерін салады.




Яндекс.Метрика