Өңірлер

Бірыңғай делдал арқылы дәрілерді сатып алу 27 млрд теңгеге жуық қаражатты үнемдеді - Ш.Ахмет

Қазақстанда дәрілерді сатып алуда Бірыңғай делдалмен бес жыл ішінде 27 млрд теңгеге жуық қаражат үнемделді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінінің жанынан ашылған Науқастардың құқығын қорғау қоғамдық кеңесінің отырысында «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Шолпан Ахмет мәлім етті.
Астана қаласы21 Ақпан , 17:39

«Бірыңғай делдалдың жұмысы бюджет қаржысын үнемдеуге бағытталған. 2009-2014 жылдар аралығында Бірыңғай делдал сатып алу бойынша жалпы үнем  27 млрд. теңге шамасында болды. Бұл қаржы еліміздің бюджетінде қалды. Медициналық ұйымдар үнемделген қаржыны қосымша дәрілерді сатып алуға немесе өзге де бекітілген шығындарға жұмсай алады», - деді Ш. Ахмет.

Жалпы, «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының айтуынша, 2011 жылдан бастап  18,5 млрд. теңгеге қосымша тікелей келісім жасалып 3,6 млрд. теңге үнемделді.

«Бірыңғай делдал тапшы дәрілер бойынша сатып алуды әрқашан жүргізіп отырады, яғни бәсекелестік жоқ болған жағдайда зауыттардан тікелей өнімдерін сатып алып, делдалдарды шығарып тастайды. Бұл да Бірыңғай делдалдың жұмыс бағыттарының бірі», - деп ол толықтырды.

Айта кетерлік жайт, «СК - Фармация» ЖШС Үкіметтің қаулысымен медициналық тегін кепілдендірілген көмек аясында дәрілік заттарды сатып алатын және қамтамасыз ететін  Бірыңғай делдал ретінде бекітілді.  

БД  1 мыңнан астам медициналық ұйымдарды дәрілік заттармен қамтамасыз етеді және олардың шалғай орналасқан елдімекендерге заманауи жеткізілімін жыл бойы ұйымдастырады.

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика