Ұлттың денсаулығы

ҚР-да 2014 жылға сатып алынған өнімнің 40%-ы Бірыңғай делдал қоймасында жатыр – Ш.Ахмет

Қазақстанда 2014 жылға сатып алынған өнімнің 40%-ы Бірыңғай дистрибьютер қоймасында жатыр. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы пациенттердің құқын қорғау қоғамдық кеңесі отырысында «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Шолпан Ахмет мәлімдеді.
Астана қаласы 21 Ақпан, 17:26

«Елімізде қалыптасқан жағдай бірыңғай қолданыстағы дистрибуция жүйесінің артықшылығын байқатты. Бірнеше жылдан бері атқарылған жұмыстар мемлекет тарапынан кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде қауіпсіздік пен дәрінің жетіспеушілігіндегі кемшіліктердің алдын алды», - дейді Ш.Ахмет.

Оның айтуынша, бірыңғай дистрибьютор медициналық бағыттағы бұйымдар мен дәрі-дәрмек тасымалына келісім түзді.

«Қазақстанда 2014 жылға сатып алынған өнімнің 40%-ы Бірыңғай дистрибьютер қоймасында жатыр. Өз қаражаты есебінен БД дәрі-дәрмекпен қаматамасыз етуде қауіптің деңгейін айтарлықтай төмендететін әлеуметтік маңыщзы бар ауру түрлерін емдеу үшін дәрі-дәрмектің стратегиялық қорын қалыптастырады», - дейді басқарма төрағасы.

Айта кету керек БД елдің 1 мыңдай медициналық ұйымын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді. Соның ішінде республиканың кез келген жеріне жылдың қай мезгілінде болсын дер кезіндегі тасымалдайтын мүмкіндікке ие.





Яндекс.Метрика