Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ШҚО-да 2014 жылы Индустриалияландыру картасы аясында 13 инвестжоба жүзеге асырылады

Шығыс Қазақстан облысында 2014 жылы Индустрияландыру картасы аясында 1,3 мың жұмыс орнына есептелген, 17,5 млрд. тенгеге 13 инвестжоба жүзеге асырылады.
Шығыс Қазақстан21 Ақпан , 16:20

«Индустрияландыру картасының маңызын арттыру бойынша 2014 жылдың бірінші жарты жылдығында жалпы құны 32 млрд. теңге болатын 23 инвестжоба ұсынылды. Алайда олардың кейбіреулері бойынша  құжаттар түгел емес. Облыс әкімі әр жоба бойынша құжаттармен толығымен танысып, оларды жүзеге асырудағы қиындықтар мен мүмкіндіктерін жүзеге асырылатын аудан әкімдерімен және жоба авторларымен талқылыда», - деп ШҚО Ақпарат орталығынан хабарлады.

Айта кетерлік жайт, жобалардың төрттен бір бөлігі мал семіртетін орталықтардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарына бағытталған. Бұл көрсеткіш ауыл шаруашылығы үдемелі дамытуды қажет ететіні туралы айтып тұр. Сонымен, осы саладағы жобалардың 2-уі жүнді қайта өңдеуге арналған. Олар «Дерикар» ЖШС ұсынған  187 млн. теңгенің  «Майы алынған және суды қайта пайдалану арқылы жүнді қалдықсыз өңдеуді ұйымдастыру» жобасы, «Бельсан и К» ЖШС-нің «Жүнді алғашқы өңдеу және болашақта терең өңдеуден өткізу» фабрикасының құрылысы. Жоба құны - 3 млрд. теңге. Үйлестіру кеңесінің шешімімен бұл жобалар Индустрияландыру картасына енгізілді.

ҮИИД бойынша Үйлестіру кеңесінің отырысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев екі аптаның ішінде түзетуді қажет ететін жобалар бойынша  авторлар мен қала және аудан әкімдеріне, уәкілетті органдардың басшыларына ҚР ИЖТМ жіберу үшін қажетті құжаттарды жинастыруды тапсырды.  

Қазіргі таңда, маңызын арттыруды есепке ала отырып Индустриализация картасына  685,2 млрд. теңгенің 61 жобасы кірді.  Жаңа  25 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп күтілуде.  




Яндекс.Метрика