Парламент

Сенатта әкімшілік заңнаманы реформалау мәселесі бойынша конференция өтті

Бүгінде ҚР Парламенті Сенатында «Әкімшілік заңнаманы реформалау: жетілдіру мәселелері мен бағыты» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Астана қаласы21 Ақпан , 16:15

«Конференция жұмысына Сенаттың вице-спикері Асқар Бейсенбаев, Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігі, Жоғарғы Сот, Бас Прокуратура, Әділет және Ішкі істер министрліктері мен өзге де тиісті мемлекеттік орган өкілдері мен үкіметтік емес ұйым мүшелері мен ғалымдар қатысты», - делінген Сенат хабарламасында.

Конференция модераторы – Конституциялық заңнама, сот жүйесі мен құқық қорғау органы комитеті төрағасы Серік Ақылбайдың айтуынша, әкімшілік құқық республиканың құқықтық реттеу жүйесінде үлкен маңызға ие, сонымен қатар қоғамдағы әлеуметтік процестерді басқарудың маңызды құралы болып табылады.  

«Бұл кез келген елдің құқықтық жүйесінің маңызды саласы. Қазақстан Республикасы құқық жүйесінің кәсіби саласы бола отырып, әкімшілік құқық атқарушы биліктің еркін іске асырудың қарапайым формасына қарағанда маңызды бөлігі болып табылады», - дейді сенатор.

Қазіргі таңда әкімшілік құқықты реформалау жолындағы маңызды міндеттемесі қоғамды қатынастардағы аталмыш саланың реттеуші нормативтік-құқықтық актін дайындау мен қабылдау болып табылады. Осы мақсатта Үкімет тарапынан Мәжілістің қарауында жатқан әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің жобасы дайындалды.

Сонымен қатар, сенатордың айтуынша, әкімшілік құқықтың маңызды бөлігі әкімшілік-деликтті құқық. Оның даму болашағы негізінде заң қабылдау мен қамту, мағыналы және қолданыстағы азаматтар мен адамның құқы мен еркіндігі туралы конституциялық нормаларды мойындау болып табылатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамалық жаңартуға байланысты даму болашағы екені анық.  




Яндекс.Метрика