Өңірлер

Индустрияландыру картасы аясында Ақмола облысында 93 млрд. теңгенің 11 нысаны іске қосылады

Өткен жылы индустрияландыру картасы аясында облыста 433 жұмыс орны бар 3,5 млрд. теңгеге 9 нысан пайдалануға берілді. Ал, ағымдағы жылы 93 млрд. теңгенің 11 нысаны іске қосылады.
Ақмола21 Ақпан , 15:45

Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхаметовтың айтуынша, 4 мың жаңа жұмыс орны ашылады.

«Көптеген жобалар жоғары қосымша құны бар өнімді өндіруге арналған. Олар Степногордегі күкірт қышқылы зауыты, Целиноград ауданындағы өлшеу трансформаторлары мен эмульсия матрицасын өндіретін зауыт, Шортанды ауданындағы полиэтилен өнімі зауыты. Ал, Ерментау ауданында қуаттылығы 45 МВт жел электр станциясы жұмыс істей бастайды», - деп аймақ басшысы хабарлады.

Оның айтуынша, индустриалды секторға қосымша резервтер тартылған соң өндіріс өсімі 100,2% дейін қамтамасыз етілді.

««КамАЗ-Инжиниринг» АҚ жүк көлігі өндірісі 1,5 есе, «Вектор» зауытында бидайды жинау комбайындарының өндірісі 8 есе, «КАИК» ЖШС мамандандырылған техниканың өндірісі 3 есе, «ENKI» ЖШС керамикалық кірпіш өндірісі 27%-ға, «Арыстан»  Степногор құбыр зауытында тегіс және кеңірдек полиэтилен құбырларының өндірісі 3%-ға арты. Қосымша өндірістік өнім көлемін  жаңа кәсіпорындар  «СП «SARECO»,  «Астана Ойл» Мұнай үйі», «тау-көлік компаниясы КZ», «Ak Su Steel» есірді, - деп Қ. Айтмұхаметов атап өтті.




Дерекнама

Яндекс.Метрика