2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

«Мәңгілік ел» - Қазақстан дамуының басты факторы – Ж. Бекасылова, оқушы

«Мәңгілік ел» - Қазақстан дамуының басты факторы, бұл туралы Астанадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Жұлдыз Бекасылова Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айты.
Астана қаласы 22 Ақпан, 11:00

«Біз әлемге әйгілі елміз. Біздің даму жолымыз 2050 Стратегиясы болып табылады. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Жолдауында қазақстандықтардың ұлттық келісімді және бейбітшілікті өз бойларында қалыптастыру керектігін айтып өткен болатын», - деді Жұлдыз Бекасылова.

Сондай-ақ, оқушы  Елбасының  жас ұрпаққа, ерекше көңіл бөліп, көп назар аударатындығын айтты. Бұған бірден бір дәлел – сапалы білім беретін Назарбаев Зияткерлік мектебі, дейді ол.

«Осы Стратегия Қазақстанды әлемге танымал етіп қана қоймай, Қазақстандағы ғылым салаларын жан-жақты дамытады. «Мәңгілік ел» менің түсінуімде Қазақстанның дамуының басты факторы, ата-бабаларымыздың арманы. Қазір де қазақ елі біз сияқты жас ұрпақты тәрбиелеуде. Осы біздің арқамызда қазақ елі өзінің мақсатына жетеді. Біз Қазақстанның болашағымыз!», - деп түйіндеді Ж. Бекасылова.

 





Яндекс.Метрика