Индустрияландырудың келесі кезеңінің жоспары

Павлодарда қоқыс өңдейтін зауыт салынады

Еуропалық қайта құру және даму банкінің қаржылай қолдауымен Павлодарда қоқыс өңдейтін зауыт салу жоспарлануда, деп хабарлайды Павлодар облысының әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары Серік Бейсенқұлов.
Павлодар05 Наурыз , 00:00

«Павлодардағы қоқыс өңдейтін зауыт құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп қойды. Ол жылына 70 мың тоннаға дейін тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдей алады. Құрылыс құны 60 млн еуроны құрайлы. ЕҚДБ есебінен зауытты 5 жыл ішінде салу жоспарланып отыр», – деді С.Бейсенқұлов. 

Оның ақпараты бойынша, өткен жылы Еуропалық қайта құру және даму банкінің қатысуымен Павлодарда тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының құрылысы дайындалған болатын. 

«Қазіргі уақытта Павлодар облысының аумағында қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын 300 орын бар. Ал экологиялық және санитарлық-эпидемиялогиялық заң талаптарына сай келетін полигондар өңірде жоқ. Павлодардың өзінде-ақ жыл сайын қалалық қоқыс орнына 170 мың тоннаға жуық тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылады. Мұндай қарқынмен алдағы 15 жыл ішінде облыс орталығында шамамен 13 млн текше метр қалдық жиналады», – деді С.Бейсенқұлов.  




Яндекс.Метрика